Accessibility links

Биыл күзде Қазақстанда өтетін аудан және қала әкімдерімінің сайлауына үміткерлерді тіркеу басталды


Қазақстанда 20 қазанда өтетін облыстық маңыздағы аудан және қала әкімдерімінің сайлауында үміткерлерді облыс әкімі ұсынады. Үміткерлерді ұсыну 5 қыркүйекте басталды. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 8 күні Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков хабарлады. Оның айтуынша бұл ережені президент Назарбаев өз қаулысымен бекіткен. Ал, қайсібір саясаткерлердің айтуынша билік халықтың қолына ең болмаса жергілікті басшыларын сайлау құқында бермей отыр.

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша бұл жолы барлық әкімдер сайланбайды:

- Осы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың сайлауын биыл 20 қазанда 30 пайызын өткіземіз, болашақта мүмкін 2007 жылы қалған 70 пайызы сайлаудан өтетін болады.

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Оразғалиевтың айтуынша Қазақстанда 20 қазанда өтетін облыстық маңыздағы аудан және қала әкімдерінің сайлауында үміткерлерді облыс әкімі ұсынады, яғни, жанама сайлау болады, дейді ол:

- Қазан айының 20 белгіленген аудан және қала әкімдерінің сайлауы жөніндегі ережеге сәкес облыс әкімінің ұсынбасы болмақшы. Ол әр әкімнің орнына екіден кем үміткер болмауы тиісті, бұл жұмыста 19 қыркүйекте аяқталмақшы.

Ал, саясаткер Дос Көшімнің айтуынша билік халыққа жергілікті басшыларын сайлау құқын бермей отыр:

- Әкімдердің сайлауы жергілікті өзін өзі басқару емес. Бұл тек жоғарғы вертикальден тағайындалатын бұрыңғы жүйенің белгілі бір бөлігін мәслихаттарға беруғана. Бұдан ешқандай бір демократиялық үрдістерді көріп тұрған жоқпын. Осыдан 2 жыл бұрын сайлау болған кезде 4 аудандыкін біз бақыладық, 4 аудандада бұрыңғы басшылары қайта сайланды, қысқасы билік халықтың қолына ең болмаса жергілікті өз басшыларын сайлап алудыда бермей отыр.

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша кейбір мемлекеттерде осындай жанама сайлау өткізіледі:

- Әкімдерді халық сайлайтын ондай біз әлемдегі мемлекеттердің тәжірибесін қарап отырмыз, негізінен атқарушы органдардың басшылары енді бізде әкімдер олар негізінен тағайындалады. Халықпен сайлау деген ондай сайлау өте сирек. Тікелей төте жалпыға бірдей сайлау бізде бар: президентті, парламент мәжілісінің жене мәслихат депутаттарын сайлаймыз.

Ал, саясаткер Дос Көшім жанама сайлаудың тиімділігіне күмән келтіріп отыр:

- Жұмабеков мысал ретінде келтіру керек еді, мынша елдердің мыншама пайызында осындай сайлау жүйесі бар екенін, сондықтан мұны құр әшейін ақталу есебінде ойлаймын. Мен бір кітап жазғанмын, сонда мен Германияның жергілікті өзін өзі басқаруын қарастырдым. Онда кей кезде бургамистр дейді кей жерде староста дейді әр түрлі атай береді. Оны бір жерде халық сайлайды тікелей, ал бір жерде кеңес сайлайды. Жанама сайлау деген мүлде жоқ.

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша облыстық маңыздағы аудан және қала әкімдерін жергілікті мәслихат депутаттары сайлайды. Сайлау қағаз бюлетендерінің көмегімен жүргізіледі.
XS
SM
MD
LG