Осыған дейінгі хабарларда Қырғызстандағы АҚШ әуе күштерінің бір әскери әйелі жоғалып кеткені айтылған еді. Сейсенбі күні дүкен аралап жүрген кезінде ұрланған Джилл Мецгер бүгін аман-есен табылып отыр. Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Мецгер өзін біреулер ұрлап әкетіп, Бішкектен 50 шақырымдай жердегі ауылдық жерде ұстап отырғанын айтқан. Бірақ, Мецгердің қалай құтылып шыққаны әлі беймәлім болып отыр.