Accessibility links

НАТО-ның Бас хатшысы Ауғанстандағы әскерінің жағдайына алаңдап отыр


КАБУЛ: Бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер Ауғанстандағы әскерлердің мұң-мұқтажын талқылау үшін одаққа мүше елдердің елшілерін төтенше бас қосуға шақырды. Бас хатшының өкілі Джеймс Аппатюрэй (James Appathurai) хабарлағандай, кездесуге НАТО-ға мүше 26 елдің елшілері қатысып, Ауғанстандағы ахуалды және әскери күштердің рухын көтерудің амалдары сөз болуға тиіс. Бас қосуда Ауғанстандағы күштердің қатарын ұлғайту немесе тағы басқа өзекті мәселе бойынша қандай шешім қабылданатынын Аппатюрэй хабарламады.
XS
SM
MD
LG