Accessibility links

Адам құқын қорғаушылар оппозиция белсендісінің түрмедегі өліміне күдікпен қарайды


ТЕҺРАН: Нобель сыйлығының лауреаты Шырын Эбади бастаған Иранның адам құқын қорғайтын ұйымы оппозиция белсендісінің түрмедегі “күдікті де жұмбақ өліміне” тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырады. Иранның ресми билігінің мәлімдеуінше, еден қуылған оппозициялық “Муджаһедин халқ” тобына жататын Валиолла Фейз Маһдави түрмеде өзіне өзі қол жұмсап өлді. Бірақ бүгін Эбади бастаған адам құқын қорғайтын ұйым Маһдавидің өлген себебін анықтау үшін оның мәйітін тәуелсіз дәрігерлерге қарату керек деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG