Accessibility links

М.Хатами (Иран): “...АҚШ... “әлемге үстемдік орнатуға әуестеніп алды”


ВАШИНГТОН: Иранның бұрынғы президенті Мұхаммад Хатами Усама бин Ладиннің іс-әрекеті мен жанкештілердің лаңкестік шабуылдарына сын көзқарас білдірсе де, Израильдің шапқыншылығына қарсы күрескен Ливандағы партизандардың “Хизболлаһ” тобы сынды ұйымдарды қолдады. Мұндай пікірін Хатами АҚШ-қа барған сапарының соңында жексенбі күні Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде айтты. Сонымен қатар Иранның экс-президенті “демократия” деген ұғымды қолдай отырып, 2-нші дүниежүзілік соғыстан бері қарай АҚШ-тың саяси қайраткерлері “әлемге үстемдік орнатуға әуестеніп алды” деп ескерті.
XS
SM
MD
LG