Accessibility links

Қырғызстанда 3 күн жоғалып табылған АҚШ-тың әскери қызметкері Германияға жеткізілді


БЕРЛИН: Германиядағы АҚШ әскерінің бүгін хабарлағанындай, АҚШ-тың әуе күштерінің өткен аптада Қырғызстанда бірнеше күн хабарсыз жоғалған әйел - қызметкері Джилл Метцгер Рамштайн маңындағы (Landstuhl) аймақтық медицина орталығында дәрігерлік қараудан өтіп жатыр. Ол Германияға Ауғанстаннан АҚШ ұшағымен жеткізілді. Метцгер – 5-інші қыркүйек күні Бішкекте дүкен аралап жүрген кезінде аяқастында жоғалды. Арада 3 күн өткен соң ол жұмбақ жағдайда Қырғызстан астанасынан тыс жерден табылды.
XS
SM
MD
LG