Accessibility links

Британ лидері Т.Блэр Ливанның премьер-министрі Ф.Сииорамен келіссөз өткізеді


БЕЙРУТ: Бүгін Ұлы Британия премьер-министрі Тони Блэр Ливанға сапармен келді. Оның келуіне қарсы жоспарланған наразылық шеруін қадағалау үшін армия бөлімдері мен қоғамдық полиция күштері жұмылдырылып отыр. Т.Блэр - Израиль мен “Хизболлаһ” тобының арасындағы 34 күнге созылған соғыста ертерек бітімге келуге қарсы болғаны үшін Ливан халқының наразылығын туғызған болатын. Сапары барысында ол 14-інші тамызда қол жеткен бітімнің орындалуын және соғыстан кейінгі Ливанды қалпына келтіру ісіне Ұлы Британияның қосатын үлесі туралы Ливан премьер-министрі Фуад Синиорамен келіссөз өткізуге тиіс.
XS
SM
MD
LG