РАМАЛЛА: Бүгін Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас пен премьер-министр Исмаил Хания ұлтты біріктіретін үкіметті жасақтауға бағытталған саяси бағдарлама бойынша өзара келісімге келгендерін мәлімдеді. Оған сәйкес, Хания бастаған исламшыл “Хамас” ұйымы мен Махмуд Аббас басқаратын ФАТХ қозғалысы жаңа үкіметтің құрамы жөнінде өзара уәжге келуге тиіс. Палестина халқы коалициялық үкіметті жасақтау – “Хамас” үкіметі жасақталған 6 ай бұрын тыйылған Батыс елдерінің көмегіне қайта жол ашады деп үміттенеді.
Палестина халқы коалициялық үкіметті жасақтау – Батыс елдерінің көмегіне қайта жол ашады деп үміттенеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?