Accessibility links

Ресей аймақтары қоныстанушыларды қабылдауға дайын болмай отыр


Ресей президенті Владимир Путин Ресейге шетелдерден орыс азаматтарын шақыру бағдарламасын жариялаған болатын. Халқы аз аймақтарға көшіп баратындарға жұмыс табылады, баспана алуға мүмкіншілік жасалады, жәрдемақы беріледі делінеді. Дегенмен, бұл аймақтарға қоныс аударушылар көп келсе оларды қабылдау мүмкіншілігі жоқ екені анықталып отыр.

Көші-қон бағдарламасы бойынша жаңа тұрғындар алдымен 12 аймақта қабылданады делінген. Қоныстанушылар Таяу Шығыста, орталық Ресейдегі Қара-топырақ аймағында және Калининград облысында қабылданбақ. Бұл аймақтарда халық саны күрт төмендеген, және осы аймақтарда үлкен инвестициялық жобалар атқарылып жатыр. Таяу Шығыс стратегиялық жобалар Орталығының маңындағы Аймақтық жобалар институтының бастығы Юрий Авдеев Ресей үкіметі бастаған бағдарламаға үлкен үміт артылып отыр дейді:

- Әрине, бағдарлама барша өңірге, жалпы барша Қиыр Шығысқа өте маңызды. Себебі соңғы 15 жылды мұнда халық саны қысқарып кетті, бұл жақтан 1 миллиард 300 миллион адам көшіп кетті. Аймағымыз айтарлықтай дәрежеде халқын жоғалтты. Отандастырды шақырып, және Ресейдің өзге аймақтарынан халық шақырып, жағдайды өзгертсе болады.

Жоспар бойынша Ресейге келесі жылы 100 мың адам көшірілмек. Олардың ішінде 40 мың адамның кәсіби деңгейі жоғары болу керек деп қарастырылған. Ресей федералды үкіметі бағдарламаға 635 миллион доллар бөлуді жоспарлады. Бірақ көптеген шығын жергілікті әкімшіліктер арқылы өтелуге тиіс. Ресей үкіметі белгілеген 12 аймақтың басшылары келесі жылы қанша халықты қабылдай алатындарын 1 қыркүйекке таман айту керек еді. Дегенмен, аймақтардың басшылары қоныстанушылар көп болса жағдай жасай алмаймыз дейді.

Таяу Шығыстағы Приморский край өлкесі мүлдем тапсырыс берген жоқ. Онымен көршілес Хабаровск өлкесі екі мың қоныстанушы ғана қабылдай аламыз дейді. Хабаровск әкімшілігі бағдарламада қарастырылса да қоныстанушыларға жәрдемақы бере алмаймыз дейді. Қоныстанушыларды екі аймақ ғана құшақ жая қарсы алмақ, бұлар – Твер облысы мен Калининград облысы. Твер облысының әкімі Дмитирий Зеленин 7300 азаматты қабылдап, әлеуметтік жәрдем, баспана көмегін бере аламыз, айлығы 25 мың рубльге жететіндей жұмыс тауып бере аламыз деді. Калининград облысы келесі жылы 10 мың иммигрант қабылдай аламыз деді. Бірақ мәселе қайда бұл шақыруды қабылдағысы келетіндердің саны қысқа. Калининград облысына көшуге шетелде тұратын орыстардан тек 596 азамат ресми түрде арыз түсірді.

Мәскеуде орналасқан ТМД институты директорының орынбасары Владимир Жарихин миграциялық бағдарламаның іске аса қоятынына сенімді емес:

- Бағдарлама жағдайды өзгерте алмайды, ол сәл кешігіп қалған сияқты. Халықты жаппай көшіру үрдісі 1990 жылдардың ортасында оңтайлы болған. Ресейге көшемін дегендер көшіп болды. Көшпегендер қалған мемлекеттерінде сіңіп жатыр.

Ресей үкіметі жариялаған көші-қон бағдарламасы түрлі пікір туғызды. Кейбіреулер бұл саяси ойын, алдағы екі жылда президент сайлауы өтуге тиіс, парламент сайлауы өтуге тиіс, сондықтан бұл ұпай жинау әрекеті дейді. Қазақстандағы орыс ұлттық ұйымдары Мәскеудің бағдарламасына сенімсіздік танытқан. Олар бағдарламаның орындалуы сергелдең боп кетеді, бағдарламаға сеніп, көшіп баратын азаматтар өкініп қалуы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG