- Ақиқатында бұл өркениет үшін күрес. Біз азат елдердің еркін тіршілік өмірі үшін күресудеміз. Біз Таяу Шығыс аймағындағы тамаша да қарапайым халықтардың еркіндік, төзімділікке негізделген қоғамда жасауын қалаймыз, - дейді президент Буш.
Президент Буш бұл жөнінде Ақ Үйден тұрып 18 минуттай сөйледі. Кешке қарай жұрт теледидар алдында жаппай отырған кезде, кей арналар өздерінің жоспарлы бағдарламасын бөліп Буштың сөзін тыңдатты.
АҚШ президенті дүйсенбі күні таңертеңнен бастап 2001-жылғы шабуылда қаза тапқан 3000-дай дерлік құрбанның рухына бас иіп, Әл-Қайда шабуылы орын алған жерлер - Нью Йорк, Уашингтон және Пенсильвания штатындағы ұшақ құлаған жерге барып қайтты.
Буш сол күнгі шабуыл сұмдықтары, жесір қалған әйелдер, жетім қалған балалар және жанып қираған Әлем сауда орталығы жөнінде ашына тұрып сөйледі.
Буштың айтуынша, әлем енді ғана терроршылыққа қарсы шығып, еркіндік пен зұлымдық күресін сезіне бастады. Бұл болашақ ұрпаққа да сын. Сондықтан адамзат бұрын соңды кездеспеген мұндай тажалмен күресті кейінге қалдыруға болмайды, деген Дж.Буш.
Өз сөзінде ол Америкадағы отбасы және перзент тағдыры жөнінде айта келе:
– Біздің алдымызда үй-ішімізге дейін өлім әкелмек жауыз дұшпан тұр. Америка бұл соғысқа сұранған жоқ. Кез-келген американдық бұл сұмдықтың тез арада жойылғанын қалайды. Маған да сол керек. Бірақ ол соғыс я біздің, немесе әсірешіл – экстремистердің жеңісіне дейін жалғаса бермек. Егер біз жеңбесек, онда, Таяу шығыста терроршы елдер, ядролық қаруға ие радикалды диктаторлар үстемдік жасамақ. Ал бұл бүкіл әлемдегі млн-даған адамның тағдыры деген сөз, - деді АҚШ президенті.
Сауалнама деректеріне қарағанда, көптеген американдықтар терроршылыққа қарсы күрес ойдағыдай емес, сондықтан Ирақтағы соғысқа қарсымыз дейтін көрінеді.
Ал енді, АҚШ-тағы Ұлттық сайлауларға да 8 ай-ақ қалды. Сондықтан, жұрт бұл Буштың сол сайлау қарсаңындағы сайлаушыларға жасаған үндеуі деп түсініп отырғандай.
Ақ Үйлік өкілдер хабарына қарағанда, Буштың кеңесшілері одан саяси тақырыпты қозғамауға да шақырып көріпті. Дегенмен, Буш алғаш рет Ауғанстан мен Ирақ соғысында қаза тапқандар саны 2999 ға жетті деп ашық мойындауға мәжбүр болған. Ал бұл 2001-жылғы АҚШ-тағы террорлық шабуылдарда қаза болғандардан біршама көбірек.
Оның үстіне, сол террорлық шабуылдың ұйымдастырушысы деген Осама бин Ладеннің табылмағандығына халық өте ызалы. Бұл аз болса АҚШ ойлағандай Ирақта жаппай қырғын қарулары болмай шықты және Буштың өзі бұрыңғы Ирақ президенті Саддам Хұсейннің әл-Қайдамен байланысы жоқтығын мойындап отыр.
- Менен жұрт, егер Саддам Хұсейннің 2001 жылғы шабуылдарға қатыстығы жоқ болса онда неге Ираққа соғыс аштыңыз деп сұрайды. Ал мен, нағыз қорқыныш сол Саддамда, деймін. Себебі, менің әкімшілігім, Конгресс және БҰҰ да солай деп ойлайды. Ал, 2001-жылғы шабуылдан кейін әлем Саддамның режиміне тіптен үрке, үрейлене қарады, - дейді Буш.
Дегенмен бәрібір, жағдай қалай болғанда да, сайлауға 8 ай қалып отырған кезде Буш американдықтарды өзара пікір қайшылығын жойып, ортақ дұшпанға қарсы бірлікке шақырғандай болып отыр.
– Тарих сыны алдында бірге болайық. Дұшпандарды жеңіп, халқымызды қорғап, 21-ғасырды адамзат бостандығының жарқын ғасырына айландырамыз. Егер біз терроршылармен күреспесек, онда бұл міндет біздің перзентеріміздің мойнына жүк болып қалады, - деп аяқтады өз телемәлімдемесін АҚШ президенті Буш.