ПАРИЖ: Адам құқын қорғайтын халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы ЮНЕСКО ұйымының Өзбекстан президенті И.Кәрімовті алтын медальмен марапаттау туралы таяудағы шешіміне қарсы. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Мацумаға жолдаған хатында “Хьюман райтс уотч” ұйымы адам құқықтарын аяққа таптаған Ислам Кәрімовтің “ешқандай сый-құрметке лайық еместігін” атап көрсетеді. Ташкентке сапармен келген 9-ыншы қыркүйек күні Коичиро Мацума өзбек президентін “Боробудур” алтын медалімен марапаттаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес