БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы басшылығының мүшесі Хавьер Солана Иранның өкілетті өкілі Әли Лариджанимен ертең кездесуге тиіс. Бұл олардың Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын талқылау үшін бір аптадан кейінгі екінші бас қосуы болмақшы. Ресми өкілдердің хабарлауынша, Солана мен Лариджани аталған мәселе бойынша ортақ көзқарасқа келгенге ұқсайды. Бейсенбі күні олардың қайда кездесетіні әлі тағайындалған жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?