МӘСКЕУ: Ливанның Израиль мен “Хизболлаһ” тобының арасындағы соғыстан қираған инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмек беру үшін Ресей өзінің 400-ге тарта әскери маманын жолдайды. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов осылай деп мәлімдеді. Әскери инженерлер мен саперлердің батальоны не қыркүйектің соңында, не қазанның басында Ливанға келіп, 3-4 ай іс атқарады. С.Ивановтың ескертуінше, орыс батальоны БҰҰ-ының бітім күштері қадағалайтын аймақтан тыс аудандарда жұмыс істейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты