Accessibility links

Немістерің 2.4 мыңдық теңіз әскері Ливанға қазан айының соңында жетуі мүмкін


БЕРЛИН: Бүгін Германия үкіметі БҰҰ-ының бітім күштерінің құрамдас бөлігі ретінде Ливанның теңіз жағалауына 2400 жауынгерден тұратын теңіз әскерін орналастыру жоспарын бекітті. Бұл жоспарды неміс парламенті – Бундестаг - алдағы аптада мақұлдауға тиіс. Жоспар мақұлданатын болса, онда Германияның соғыс кемелері Ливанның теңіз жағалауына қазан айының басында жете алады. Соғыс кемелерінің Солтүстік теңізден Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін жетуіне 10 күн уақыт керек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG