Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов «қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтырған балалардың қалғандары да қаза болады, өйткені әлемде бұл дерт емделмейді» дейді.
- Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев тең көлемде 52 баланың баяу және қиналып өлуіне айыпты, - деп мәлімдеді Ерасыл Әбілқасымов.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Оңалбай Аяшев денсаулық сақтау министрінің қызметтен кету керек деген мәлімдемеге мынадай көзқарасын білдірді:
- Келеңсіз, барлық елді дүрліктірген жағдай болып жатқан шақта, оның өзінің азаматтық позициясы біледі. Енді өткен жолы Ахметовтың атына депутаттық сауал жасағанмын. Ол уақытта 43 бала еді. Бүгін сәблилердің саны 52 жетіп отыр, келешекте оның қаншаға барып тоқтайтынын ешкім білмейді. Жауапсыздық деп білуіміз керек. Індетті тоқтатпаса біздің мемлекеттігімізге үлкен қауіп төніп тұр. Бұл 52 бала келешекте мүгедек деген сөз, жазылмайтын ауру.
Денсаулық сақтау министрінің баспасөз қызметкері Төлеген Муарис «Азаттық» радиосына бұл жөнінде ақпарат беруден бас тартты. Депутат Ерасыл Әбілқасымов болса, «егер бұл мәселе шешілмесе бір миллион адамның қолтаңбасын жинаймын» деп отыр. Министр мен әкім қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс, дейді ол. Депутаттың айтуынша, денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев билікке Алматының сауда қаржы банкісінен келген. Яғни, мамандығы экономист болып денсаулық сақтау министрлігін басқарып отыр, дейді ол. Өз кезегінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Тоқтар Әубәкіров әріптестеріне президентке ашық хат жолдауды ұсынды.
«Мемлекетіміздің болашағын балаларды біздің халқымыздан тартып алды. Президент Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдайды өз қадағалауына алуын сұрайық», - деді депутат.
Бірақ, Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов осы хат жазуды дауысқа салайық деген ұсынысқа былайша жауап берді:
- Енді осыған байланысты жаңағы Тоқаңның ұсынысын дауысқа салмай-ақ қояйық, өйткені бізде мәтін жоқ. Дайындасын деген ұсыныс болды, келесі отырыста көрейік.
Ал медициналық мамандығы бар мәжіліс депутаты Мұрат Кәрімов осы мәселені зерттеп жүрген адам ретінде депутаттарға мынадай пікірін жеткізді:
- Сондай ауру болған адамдарға үкімет тарапынан әкімшілік тарапынан жәрдем болу керек. Ата-аналардың ақшасын беру керек. Балаларды емдеу керек. Егерде Қазақстанда емі жетіңкіремейді екен басқа жерге жіберу керек. Бұны дүниедегі түрлі халықаралық зертханалар, адамның құқын сақтаушы адамдар қарап жатыр, прокуратура, әкімшілік қарап жатыр. Әбден шешілгеннен кейін қылмыс жасаған адам жауапқа тартылуы керек. Оны қарап болмай қырайық, жояйық деген дұрыс болмайды. Президентке «сіз мұнымен шұғылданыңыз» деген болмайды ғой. Президенттің басқа жұмысы жоқ па? Біздің елімізге сондай айғайды шығарудың керегі жоқ.
Ал соңғы мәлімет бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтырған адамдардың саны тағы ұлғайып 54-ке жеткен. Және вирус бір сәбидің анасынан табылған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мұқан Сағындықов хабарлады. Оның айтуынша бұл әйел 2005 жылы Қазақстанға Өзбекстаннан келген.