Accessibility links

"Қосылмаған елдер қозғалысы" дүниеде бар екенін көрсетті


Кубада осы аптада "Қосылмаған елдер қозғалысының" саммиті өтіп жатыр. 1961 жылы құрылған ұйымды Батыстағы көптеген адамдар құрдымға кеткен шығар дейтін. "Қосылмаған елдер қозғалысы" батыс елдері мен совет тобына балама одақ ретінде құрылған болатын. Енді міне осы аптада "Қосылмаған елдер қозғалысы" дүниеде бар екенін көрсетті. Кубада өтіп жатқан жиынға елу шақты мемлекеттің басшылары келді.

"Қосылмаған елдер қозғалысы" қатарымызда 116 мемлекет бар деп мәлімдеп, Қырғи-қабақ соғысы кезіне қарағанда өсе түскендерін мәлімдеді. Дегенмен, саммитте айтылып жатқан сөздердің мәні өзгерген жоқ. Мәселен, дүйсенбі күні сөйлеген Куба сыртқы істер министрі Филипе Перез Рогью былай деп ұрандатты:

- Біздің жиынымыз Ливанда біздің бауырларымызға қарсы зұлым агрессия жасалғаннан кейін орын алып отыр. Және де біз Палестина халқы күн сайын зұлмат нысанасына алынғанын ашу-ызамен көріп отырмыз.

Саммитке Венесуела президенті Хьюго Чавез, Иран президенті Махмұд Ақмеденижат, Сирия президенті Башар Әл-Асад сияқты Вашингтонның қарсыластары қатысып жатыр. Саммитте ұйым мақсат-мұраттары қайта белгіленбек, күн тәртібінде Таяу Шығыс дағдарысы, Иран ядролық бағдарлама мәселесі бар, АҚШ және оның одақтастарына сын айтылып жатыр, терроризмге қарсы соғысқа сын айтылып жатыр. Сарапшылар саммитте Америкаға қарсы қызылсөз көп айтылғанымен, ұйымның жандануы екі талай дейді. Джорджия технология институтының Латын Америка маманы Кирк Бауман одақтасамыз деген осы елдердің мүдделері бір бірінікінен тым алшақ дейді:

- Жиында анти-америкалық қызылсөздің көп айтылатынын көріп отырмын, кейбір фотолар жариялануы ықтимал. Бұл мәліметтер одақтастардың мүдделері өте жақын деп көрсетпек, "Қосылмаған елдер қозғалысының" қайта жанданғанын көрсетер бәлкім. Бірақ жиынға қатысып отырған көптеген мемлекеттердің ынтасы іс жүзінде әлде қайда төмен болады.

Міне Джорджия технология институтының маманы осылай дейді. Радиомызға сұхбат берген Зимбабве маманы басқаша пікірде. Зимбабве "Қосылмаған елдер қозғалысына" төрағалық жасаған және жақында Батыс елдеріне қатты сын айтты. Зимбабве университетінің жанындағы Даму мәселелерін зерттеу институтының бастығы Дональд Чиманикире терроризмге қарсы соғыс Үшінші әлем елдерінің экономикалық мәселелерін шетке сырғытып тастады дейді. Сарапшы Дональд Чиманикире батыс елдері сауданы әділ жүргізбейді, Үшінші әлем елдері ашық нарыққа ығыстырылып жатыр, бірақ бұл әділетсіз жасалып жатыр, қызылсөз осыдан шығады дейді:

- Үшінші әлем елдері глобализация салдарынан тап болған мәселелерін расында да пысықтап алулары керек. Мейлі, қызылсөз айтылсын, бірақ Үшінші әлем елдері, Африка, Кариб теңізі және Тынық мұхит аймағының елдері даму үстіндегі елдерге қатысы бар мәселелерді шешу жолдарын ойласу керек. Үшінші әлем елдері келіссөзді шынайы жүргізе алмаса олар не әрекет жасамақ екендерін көрмей отырмын.

Зимбабве сарапшысы Дональд Чиманикиренің армандары және басқалардың армандары орындала ма, жоқ па – оны ешкім айта алмайды. Куба диссиденттерінің бірі Элизардо Санчез сейсенбі күні "Қосылмаған елдер қозғалысының" басшыларын сынады, бос сөзге уақыт кетіргенше демократия орнату мәселелерін талқылаған жөн, адам құқықтарының жағдайын талқылаған жөн деді.

AzattyqTV

Ауғанстан вице-президенті Дустумның елге оралуы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG