Accessibility links

Пәкістан президенті Мушарраф, талиптердің бүлікшілдік әрекеті пуштундардың ұлттық соғысына айналып кетуі мүмкін, дейді


Брюссельдегі кездесуде Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың ескертіп айтқанындай, Ауғанстандағы талиптердің қауіпі қазіргі кезде әл-Қайда мен Осама бин Ладеннен де асып түседі екен. Мушаррафтың айтуынша, Пәкістан Ауғанстанның оңтүстігіндегі экстремист талиптердің іс-тірлігінен жақсы хабардар екен.

Мушаррафтың айтқанындай, Батыс елдері, терроршылық әрекеттің орталығы Осама бин Ладен мен әл Қайдадан талиптерге қарай ауысқандығын байқамай қалған болуы керек.

Талиптер негізінен пуштун ұлтының өкілдері. Міне сол талиптер кезінде Ауғанстанның көптеген уалаяттарына билік жүргізіп, бірақ АҚШ бастаған одақтас күштердің Ауғанстандағы терроршылыққа қарсы соғыс күресі нәтижесінде сол талиптер жеңіліс тапқан болатын. Дегенмен, НАТО күштерінің бітімгерлік шараларына қарамастан талиптер соңғы кездері өздерінің бүлікшілдік әрекетін күшейтіп жіберді. Міне сондықтан, Пәкістан президентінің айтуынша, бин Ладен ұйымы мүшелерінің тірліктері маңызды болғанымен, қазір үлкен қауіп талибаннан екен.

Пәкістан президенті талиптер қаупі жөніндегі мәселені Брюссельде, қыркүйектің 12-сінде, Еуропа парламентінің сыртқы істер комитетінде болған жиында ортаға салған. Жалпы пуштундардың шетелдік басқыншылыққа қарсы әрекеті жөнінде айта келе:

- Негізгі қауіп талиптердің одан әрі күшейе түсінуінде болып тұр. Олар халықты өздеріне, бәлкім шетелдік барлық күштерге қарсы пуштундардың ұлттық соғысына тартуда, - дейді президент Мушарраф.

Пуштундар Пәкістан мен Ауғанстан оңтүстігіндегі аймақта көптеп кездеседі. Ал Осама бин Ладен сол аймақта Пәкістан жағында жасырын баспана тапқан деген болжам бар. Мушаррафтың айтуынша, пуштундардың көбі салқынқанды, ұстамды мұсылмандар болғанымен, олардың қайта бас көтеруі әсірешілдік-радикализм қаупін тудырады. Сондықтан, Мушаррафтың айтуынша, талип бүлікшілдерімен аянбай күресу қажет. Сол үшін де НАТО Ауғанстанға одақтастардан қосымша күштер келуін қалап отыр екен.

Ондай айыптама да баршылық, бірақ, Первез Мушарраф:

- Біз талибандану үдерісін, олардың тарауын бақылап анықтауымыз керек. Ол үшін күресу керек. Ал күрес кіндігі талиптердің қолбасшысы Молла Омар мен оның тобы жағында. Олар Ауғанстанның оңтүстігінде жайғасқан, - дейді.

Ал, Мушаррафтың айтуынша, Молла Омар Пәкістанға 1995-жылдан бері аяқ баспаған көрінеді.

Мушаррафтың айтуынша, Ауғанстан сапарынан кейін бірқатар күдік сейілген, бірақ талибан қауіпін назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, президент Мушарраф Уазирстандағы пуштун ақсақалдарымен өзара келісіп, оларға азаматтық мәселеде біршама жергілікті автономиялық мәртебе беруге уағдаласқандай. Бірақ, оларға қойылған шарт бойынша, талибан мен әл-Қайда ұйымдарына Уазирстан аумағында іс-тірлік, шаралар жүргізуге құқық берілмейді.
XS
SM
MD
LG