Мәскеуден хабарланғанындай, Ресей орталық банкы төрағасының 1-ші орынбасары Андрей Козлов сәрсенбі күні кешке арай белгісіз біреудің атқан оғынан жараланып, артынша операциядан кейін қаза тапты. Бұл жөнінде бүгінгі жиында ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев былай деді:
– Кешегі қылмыстан кейін Қылмыс тергеу бөлімі қызметкерлері, сондай-ақ, Мәскеу қалалық полиция басқармасының басшысы ол араға жетті. Мен тергеу шараларының бәрін өз бақылауыма алып отырмын, - деді.
Козлов банк жүйесіндегі ақша жымқыруға қарсы күшті науқан жариялаған болатын. Соколники ауданында болған сол қастандықта Козловтың көлік жүргізушісі де қаза тапты.