Accessibility links

Ирандық тума, Америка азаматы Ануши Ансари таяу күндерде ғарышқа сапар шегуші алғашқы әйел-турист болмақшы


Қарашаның 18-де ұшатын Ресейдің Союз ғарыш кемесіндегі үш адамның бірі осы Ансари ханым көрінеді. Олар Халықаралық ғарыш бекетін бетке алмақшы.

Қыркүйектің 18-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Союз ТМА-9 ғарыш кемесі Мәскеу уақытымен таңғы 8-ден 9 минут өткенде көкке көтеріледі. Бұл жолы екі астронавтпен бірге Ануши Ансари ханым ұшпақы. Ресейлік ұшқыш-инженер Михайл Тюрин және америкалық ғарышкер-командир Майкл Лопез-Алегриа екеуі Халықаралық Ғарыш бекетіндегі ғарышкерлердің орындарына барады. Ансари ханым ғарышқа сапар шегетін алғашқы қарапайым азаматша болмақшы. Сондай-ақ әлем бойынша туристік сапарға қатысатын төртінші қарапайым азамат болғалы отыр. Бұдан бұрын екі америкалық іскер адам және оңтүстік африкалық бір азамат турист ретінде ұшқан-ды. Ғарыштық бұл сапар бағасы негізінен құпия ұсталуда. Дей тұрғанмен, баға мәселесімен айналысатын Америкадағы “Ғарыш сапарлары” компанияның айтуынша сапар құны 20 миллион доллар тұрады. Ол қаржының негізгі бөлігі Ресей ғарыш бағдарламасына жұмсалады екен.

Союз құрамында ұшу үшін Ансари ханым орыс тілін үйренген. Бұған дейін де ол парсы, француз және ағылшын тілдерінде сөйлейтін еді. Ғарыштық өзінің костюміне Ансари ханым Құрама Штаттары және Иран елінің Ислам төңкерісіне дейінгі туларын қадап алған. Ол өзіне ғарыш турисі ретінде қарайды. Халықаралық ғарыш бекетінде болатын 10 күні ішінде Ансари ханым медицина мен микробиология бойынша байсалды зерттеулер жүргізбекші. Ираннан Құрама Штаттарға отбасымен көшкен кезде ол 16 жаста еді. Онда ол ағылшын тілін үйреніп, университетте электр инженері мамандығына ие болды. Күйеуі Хамидпен шаңрақ көтергеннен кейін олар Телеком техноложи компаниясын құрады. Бұл іс оларға байлық әкелді. Қазір олар Техас штатында Проди системс атты сандық технология және инвестициялық фирма ісін жүргізуде.

Ансаридің қыз бауыры Атоуса Райсиан да- инженер, ол да Проди системс фирмасында жұмыс істейді. Ұшу сапарын көру үшін Қазақстанға жүрер алдында Атоуса ханым «Азаттық» радиосына былай деген болатын.

“Менің ойымша, көздеген мақсаттарына жете алатындықтарына қыз-келіншектерді ол жігерлендіргісі келеді. Себебі, әлемнің көптеген елдерінде әйелдерге екінші қатардағы азамат ретінде қарау бар. Сондықтан олардың мүмкіндіктері ерлермен тең емес. Демек, Ансари осы қадамы арқылы олардың да өз діттеген армандарына, мақсаттарына жетулеріне түрлі мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетпекші”, - деді Атоуса ханым.

Космонавтарды дайындықтан өткізетін орталық ресми өкілдерінің пікірінше, Ансаридің жинақтаған білімі мен тәжірибесі оны туристен гөрі жоғары деңгейге көтеруде. Жаттығу кезінде ол өзінің ғажап мүмкіндіктерін көрсетті, дейді орталық өкілдері.

Қыркүйектің 12-сі күні Байқоңырда Ансари ханым өзінің 40 жылдығын атап өтті.
XS
SM
MD
LG