Accessibility links

Венесуэла президенті Иранды қолдайтынын айтты


Венесуэла президенті Уго Чавес Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ-пен арада кез келген шиеленіс болса Иранға қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл туралы Чавес Кубада өткен “Қосылмаған мемлекеттер қозғалысының” жиынында айтты. Егер Иран басып алынатын болса, ол Венесуэланың қолдауына сүйенсе болады, деді президент Чавес. Кубадағы жиынға Иран президенті Махмұд Ахмадинежад қатысуда.
XS
SM
MD
LG