КАБУЛ: Кеше Ауғанстандағы НАТО әскерінің басшылығы коалициялық күштердің тәліптерге қарсы осы елдің оңтүстігіндегі ауқымды соғыс операциясының сәтті аяқталғанын мәлімдеді. 20 мыңдық НАТО әскерінің бас қолбасшысы Дэвид Ричард мәлімдегендей, соғыс операциясы жалғасқан 2 аптаның ішінде тәліптер орныққан шептерінен ығыстырылған және таяу болашақта оңтүстіктегі 3 өлкеде қалпына келтіру және дамыту жұмыстары басталуға тиіс. Кеше, сонымен қатар, Кандагар қаласында НАТО-ның әскери керуеніне шабуыл жасалды. Жанкешті-лаңкес мина орнатылған автокөлігін керуеннің жолында жарып, өтіп бара жатқан кездейсоқ адам құрбан болды да, 8 кісі, оның ішінде 3 канадалық жауынгер жараланды.
01:09 Тәліптер Ауғанстанның оңтүстігіндегі 3 өлкеден қуылып, қайта құру жұмысары басталады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздар байқамаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?