Accessibility links

01:11 Мұсылман елдері Рим Папасынан кешіріп сұрауын талап ету үстінде


ВАТИКАН: Рим Папасы 16-ншы Бенедикт ислам мен Мұхамммед пайғамбар туралы жексенбі күні айтқан сөзіне ислам әлемінің қатты дүрлігуіне өзінің таң қалғанын мәлімдейді. Кастель Гандольфо кеңсесіндегі жексенбілік дұғасында понтифик өзінің сөзін дұрыс түсінбегенін атап көрсетті. Оның айтуынша, ол мұсылмандармен арада ашық та шынайы диалог орнатқысы келді. Ислам елдері мен діни топтар Рим Папасынан кешірім сұрауын талап етуде.

Кеше Иранның сыртқы істер министрлігі 16-ншы Бенедиктің ислам мен Мұхаммед пайғамбар туралы сөзіне наразылығын білдіру үшін Ватиканның Теһрандағы елшісін шақырып алып, Рим Папасынан кешірім сұрауын талап етті.
XS
SM
MD
LG