ТИРАСПОЛЬ: Қоғамдық сауалнаманың бастапқы қорытындысы бойынша, Днестр жағалауы республикасы халқының 90 пайыздан астамы референдумда тәуелсіздік жариялауды қолдап дауыс берді. 2 пайызы Молдовамен бірігуді қолдады. Референдумның ресми қорытындысы кешірек жариялануға тиіс. Республиканың сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 77 пайыздан көбі дауыс беруге қатысқан. Батыс елдері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар бұл референдумды заңсыз деп есептейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV