КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның түкпір-түкпірінде болған түрлі қастандық пен шабуылдан кем дегенде 19 адам көз жұмды. Елдің батысындағы Герат қаласының мешіті сыртында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам, оның ішінде 4 полицей қаза тапты. Кабул қаласында жанкешті-лаңкестің автобомбасын жаруынан тағы 4 полицей қаза болып, 10 тұрғын жараланды. Кандагар өлкесінде жанкешті-лаңкес НАТО әскерінің қышлақ тұрғындарымен кездесіп тұрған 4 канадалық жауынгерін өлтірді.