ВАШИНГТОН: АҚШ сенаторы Сэм Браунбек “Азаттық” Радиосының Түркіменстандағы тілшісі Огулсапар Мұрадованың қазасын “өте күдікті” деп есептейді. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында сенатор Браунбек Түркіменстан билігін марқұм Мұрадованың түрмеде отырған кезінде қайтыс болуының себептерін тиянақты тергеп, анықтауға шақырды. Сэм Браунбек – “Хельсинки комиссиясы” деген атауымен белгілі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Комиссияның АҚШ жағынан тең төрағасы болып табылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр