ВАТИКАН: Рим Папасы 16-ншы Бенедиктің ислам мен Мұхаммед пайғамбар туралы өткен аптада айтқан сөзіне қарсы мұсылман елдерінің наразылығы кеше тағы да жалғасты. Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей понтификтің сөзін “Исламға қарсы АҚШ дем беріп отырған крест жорығының “ақырғы көрінісі болды” деп бағалады. Мысыр парламентінің депутаттары ресми Қайырды Ватиканмен арадағы қарым-қатынасын үзуге шақырды. Оған қарағанда кеше Еуропа Комиссиясы табанды түрде Рим Папасын қолдайтын мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты
-
Тұңғыш президент күні
Назарбаевта не қалды? Экс-президенттің билігі мен байлығы