ӘР-РАМАДИ: АҚШ-тың журналистерді қорғау комитеті хабарлағандай, кеше Ирақтың Әр-Рамади қаласында Бағдад телекомпаниясының Ахмад Риядх Әл-Карбули деген тілшісін атып өлтіріп кетті. Осы хабарға қарағанда, Әл-Карбули Ирақ сүнниттерінің Ислам партиясына жататын және жер серігі арқылы хабар тарататын Бағдад телекомпаниясында жұмыс істеп келді. Журналистерді қорғау комитетінің мәлімдеуінше, өткен 4 ай бойы көтерілісшілер Әл-Карбулиден Бағдад телекомпаниясынан кетуін талап етіп, талай рет өміріне қауіп төндіріп келген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV