Accessibility links

Алматыда әлемдегі уран өндіруші елдері өкілдерінің бас қосуы басталды


Қыркүйектің 19-ы күні Алматыда «Уран өнеркәсібіндегі өзекті мәселелер мен проблемалар» тақырыбында әлемнің 12 мемлекетінің өкілдері қатысқан халықаралық жиын өз жұмысын бастады.

Бүгінде әлемде атом энергетикасына деген сұраныстың барған сайын артып бара жатқандығына байланысты ең әуелі осы қуат көзінің том энергиясының негізгі отыны саналатын уранға деген сұраныстың артуына себеп болып отыр.

Ал Қазақстанға келер болсақ Қазақстан әлемдегі уран қоры жағынан екінші орындағы ел болмақ яғни әлемде қәзір барланып анықталған барлық қордың 19 проценті Қазақстанның үлесінде.

Бұл Қазақстандағы уран қорының мөлшері 1,5 млн тоннаны құрайтындығын білдіреді. Уран мәселесіне арналған халықаралық жиынды ұйымдастырушы

‘ҚазАтомӨнеркәсібі‘ ұлттық атом компаниясының қоғамдық байланыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айда Абсалямованың айтуынша 3 күнге жалғасатын Алматы жиынына осы жолы Франция,Канада,Британия,Ресей,Германия,Жапония, Қытай және Польша секілді елдердің белгілі ғалым мамандары мен уран өндіруші компаниялардың жетекшілері қатысып отыр.

Жиынға қатысушылар уран өнеркәсібіндегі көкейкесті мәселерді атап айтар болсақ уран өндіруге жаңа технологияларды қалай енгізу мәселелері, ядролық-отын сатысындағы кейбір проблемалар сондай ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелер мен уран өнеркәсібіне қажет мамандарды даярлау мәселелері талқыланып сөйлесілмекші.

‘ҚазАтомӨнеркәсібі‘ ұлттық компаниясы өкілінің айтуынша Қазақстан бүгінде әлемде уран өндіруден үшінші орындағы ел болмақ.

2005 жылы Қазақстан 4 мың 400 тонна уран өндірген болса биылғы жылы бұдан да жоғары яғни 5 мыңнан астам тонна уран өндіруді жоспарлап отыр. Ал 2010 жылы Қазақстан жылына 15 мың тонна уран өндіріп, әлемде уран өндіруден ең бірінші ел болуды жоспарлап отыр дейді ‘Қаз АтомӨнеркәсібі‘ ұлттіқ компаниясының өкілі Айда Абсалямова.

Қазақстандағы Жоғары технологиялық Институттың маманы Қуаныш Әзімқан әлемде уранға деген сұраныстың артып отырғандығы осы салаға жаңа технологияны көптеп енгізуді де талап отыр дейді. Ал ‘Волковгеология‘ компаниясының бас директорының бірінші орынбасары Бақытжан Берікбаев уран өндіру мәселесінде ең алдымен уранның кең қорын анықтап табу мәселесі ең маңызыды мәселе болмақ. Бұнда геолог мамандардың рөлі ерекші дейді ол. ‘Қаз Атом Өнеркәсібі‘ ұлттық компаниясының жаңадан құрылған Ядролық Университетінің ректоры Олег Василевскийдің айтуынша бүгінде Қазақстанда уран өндіру саласында мамандар жеткіліксіздігі байқалып отыр. Сондықтан да бірінші кезекте уран саласының мамандарын Ресейде көбірек даярлап, оқыту қажетігі туып отыр. Кейінірек бұл жұмысты Ядролық Университет өз мойнына ала алатын болады.

Бүгінде ‘Қаз Атом Өнеркәсібі‘ ұлттық атом компаниясында 20 мыңдай адам жұмыс істейді. Бұл компания әлемде уран өндіруші алғашқы үш компанияның бірі деп саналады.
XS
SM
MD
LG