ТЕЛЬ-АВИВ: Кеше Израиль үкіметі мен Ирақтың Күрдістанындағы билік Израильдің бұрынғы жауынгерлері Солтүстік Ирақта күрдтердің қауіпсіздік күштерін жаттықтырыпты деген хабарды жоққа шығарады. Сейсенбі күні Ұлы Британияның Би-Би-Си телеарнасы Израильдің арнайы бөлімінің бұрынғы жауынгерлері 2004-інші жылы Ираққа келіп, 2005-інші жылға дейін күрдтердің қауіпсіздік күштерін жаттықтырды деп хабарлады. Би-Би-Си ақпарат көзі ретінде осы жаттықтыруға атсалысқан бұрынғы Израиль жауынгерін нұсқап көрсетті.