Accessibility links

Рим папасы даулы сөзі жайында тағы өкініш білдірді


Рим папасы Бенекдиттің ислам жөнінде айтқан сөзі мұсылман елдерінде әлі де болса наразылық туғызып жатыр. Рим папасы бүгін осы сөзі жайында тағы бір рет өкініш білдірді. Бенекдит Рим қаласында Әулие Петр алаңында жиналған зияратшыларға қайырылып, ислам дінін сынайтын ойым болмап еді, керісінше, екі дін арасында диалогқа шақырған едім деді.

Рим католиктері шіркеуінің басшылығы дау тығызып тұрған сөз жайында бұқара алдында осымен төртінші рет өкініш білдіріп отыр. Рим папасы өкініш сөзін бүгін апталық уағыз барысында айтты. Ал жалпы даудың басы - Рим папасы өткен аптада туған елі Германияда сөйлегенде 14 ғасырдағы Византия патшасы Мануель Екіншінің исламға тіл тигізген сөзіне сілтеме жасаған. Мануель Екінші Мұхамед пайғамбар әлемге жаңалық әкелген жоқ, ол дінді қылыштың жүзімен еңгізуді дәріптеді деген. Рип папасы Бенекдит дәйексөзді дұрыс пиғылмен айтқан едім, өкінішке қарай, дәйексөзді теріс сипаттауға да болады екен дейді:

- Өкінішке қарай, бұл дәйексөзді теріс сипаттауға болады екен. Бірақ мәтінімді мұқият оқып шыққан оқушы орта ғасырда өмір сүрген патшаның сөзін өз сөзім ретінде қалай да болсын айтқым келмегенін анық түсінеді. Дәйексөздің пікірталас мазмұны жеке ойыммен сәйкес емес.

Рим папасы дауға тап болып тұрған сөзін 12 қыркүйек күні Регенсбург университетінде айтқан. Рим папасы Бенекдит сөзімнің мақсаты – дінаралық сұхбатқа ынта туғызу еді дейді:

- Ойым мүлдем басқа болатын. Мануель Екінші патшаның кейінен не айтқанынан бастап, позитивті бағытта, ретімен жасалатын нәрсе дінді таратуға қалай жол көрсету керек дегенді өте байыпты айтқандағы мақсатым – дін мен күш көрсету бір бірінен алшақ екенін көрсеткім келді, дін мен парасат бір бірімен қатар болу керек деп көрсеткім келді.

Міне, әлем бойынша бір миллиард католикті біріктіріп отырған Рим шіркеуінің басшысы, 79-жасар Бенекдит осылай дейді. Рим папасы екіұдайы қабылданған сөзімнен шыққан наразылықтың соңы дінаралық диалогқа ұласса, заманауи көзқарас пен христиан діні арасындағы диалогқа ұласса жөн деп үміттеніп отыр.

Орталық Азиядағы Ислам ынтымақтастығы ұйымы "ислам дінінің мазмұнының дөрекі бұрмаланғанына қарамастан, біз ұстамдылық танытып, дөрекі күш жұмсауды насихаттауға жол бермеуіміз керек" деп мәлімдеді бүгін Қазақстан ресми ақпарат бұлақтарының жазуларына қарағанда. Орталық Азиядағы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан ислам жетекшілеріне қайрылып, барлық мешіттерде түсіндіру жүргізуге шақырды. Орталық Азия ислам ұйымы сабырлыққа шақырып отыр, пікірталасты саяси экстремистер өз мақсатына бұрып жібермесін деп зейін қойып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG