20-шілдеде Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев Астанада өткен министрліктің кеңейтілген отырысында індетті жұқтырған балалардың ата-аналары үстемақыны Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінен сұрауы тиіс деген мәлімдеме жасаған еді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев министрлікке облыстарға берілетін қаржыны дұрыс бөлмейді, тұрғындардың саны ескерілмейді, деген айып тақты. 13 қыркүйекте Қазақстан Парламентінің мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев және денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев қызметтерінен кетсін деген мәлімдеме жасады. Ерболат Досаевтың өзі «бұл мәселені тек Қазақстан басшысы ғана шешеді», деген болатын.
Астана қаласының «Зағип жандар» қоғамының төрайымы Хазима Хамза, қызметінде бұндай кемшіліктер жіберген шенеуніктерді соттау керек деп санайды:
- Әкім облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрсұлу Тасмағанбетованы алып тастау керек деген кезде қарсы болған. Оны өз ниетімен кеткендей өтінішпен шығарды. Олай істеуге болмайды. Бұл әйелді соттау керек. Ал, Досаев болса денсаулық сақтау маманы емес. Ол - экономист. Ол көп нәрсені түсінбейді. Оны ертеректе алу керек еді.
Қазақстанның ерікті мүгедектер қоғамының мүшесі Нығметжан Байтанов, қатардағы жұрттың мұндай жағдайларға еті үйренген дегенді айтады.
- Дәрігерлердің салақтығы. Ондай болады. Бізде де болады. Еккен кезде медбикелер не жастығынан, не білместігінен дұрыс салмайды. Аурухананың адамдары кінәлі. Оларды қызметтерінен алып жатыр, сотқа беріп жатыр, тағы не керек? – дейді Н.Байтанов.
13-қыркүйекте вирус бір сәбидің анасынан табылды деген ақпарат шықты. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұқан Сағындықов хабарлады. Оның айтуынша бұл әйел 2005 жылы Қазақстанға Өзбекстаннан келген. Оралған отандастардың «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бохан Лашынның айтуынша мәселенің барлығы ақшаға келіп тіреледі:
- Өңірдегі мәселені Өзбекстанан келген оралмандардан көруге болмайды. Ақша үшін көшедегі қаңғыбастар мен нашақорлар қан тапсырды дегенде жағамызды ұстап, төбе шашымыз тік тұрды. Көк қағазға айналып бара жатыр адамның құны.
Ал денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев балалар індетті аналарынан емес, қан құюдың кесірінен жұқтырған деген жорамал жасаған болатын. Кейбір үкіметтік емес ұйымдар облыста көшедегі нашақорлардан қан алынған, ал, олардың ішінде ВИЧ індетін жұқтырған адам болған деген мәлімдеме жасады. Министрлік бұл ақпарат тексерілу үстінде деп жауап берді. 14-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы қылмыстық кодекстің 116-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғадық деп хабарлады. 18-қыркүйекте Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев Астанада өткен жиында екі жасқа дейінгі он мыңға жуық сәбидің тек бес мыңдайын ғана қарап үлгергенін айтты. Қазақстанның ерікті мүгедектер қоғамының мүшесі Нығметжан Байтановтың айтуынша, мемлекетте осылайша мүгедек болып қалған балаларға көмек көрсетіліп келеді:
- Тәртіпке сәйкес оларға зейнетақы беріледі. Олар балалар болғансоң зейнетақы демейді мүгедектер жәрдемақысы деп атайды. Ол мүгедек тобына байланысты. Бірінші болса көп болады, екіншісі аздау, үшіншісі - өте аз.
Астана қаласының «Зағип жандар» қоғамының төрайымы Хазима Хамза балаларға енді әрдайым көмек көрсетілуге тиіс деп отыр:
- Үкімет тарапынан тұрақты көмек болу керек. Бір уақыттық дегенге келіспеймін. Олар тегін емделу керек - ауруханада болсын, санаторийде болсын.
20-қыркүйекте Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Нұрлан Әбдіров Қазақстан президенті осы оқиғаның тергеуін өзі қадағалауға алды деген мәлімдеме жасады.