Accessibility links

Италияндық ерлі-зайыптылар 10 жастағы жетім қызды еліне жібермей ұстап отыр


МИНСК: Беларуссияның сыртқы істер министрі Серхяй Мартынов италияндық ерлі-зайыптылардың 10 жастағы жетім қызды “ұрлауына” қарсылық білдіру үшін Италияның Минскідегі елшісін шақыртып алды. Беларусь қыз Чернобыль апатынан жапа шеккен аудандардың балаларына арналған бағдарлама бойынша жаз айларында Италияда сауығып жүрген болса керек. Италияндық ерлі-зайыптылар Беларуссиядағы жетімдер үйінде зорлық пен жыныстық қорлық көрген ол қыз елге оралғысы келмейді деген уәжбен қыз баланы алып қалған көрінеді.
XS
SM
MD
LG