ҚАРАҒАНДЫ: Қарағанды облысының көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілердің саны 32-ге жетті. Тағы 8 кеншіні іздестіру жалғасуда. 27 кеншінің мәйіті жоғарыға көтерілді. Жарылыс болған сәтте шахтада 367 кенші болған, 300-ден астамы жоғарыға өздері көтерілген. Қазақстан президенті Н.Назарбаев қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Апатқа ұшыраған шахтаның иесі - “Миттал Стилл-Теміртау” металлургия комбинатының басшылығы қаза тапқан әр кеншінің отбасына 12 мың доллардай өтемақы төлейтінін мәлімдеді. Апаттың себеп-салдарын тергейтін мемлекеттік комиссия құрылды.
AzattyqTV
Аудиоподкаст
Көз сала отырыңыз
-
Қазіргі тарих
Қазақстандағы наразылық акцияларының себебі мен сипаты
-
Telegram мен Вконтакте
"Дуров халықты көшеге шығара алады"
-
Баспасөзге шолу
Жаңа Жібек жолына сақтықпен қарауға шақырады
-
Зардап шеккендер
Жаңаөзендіктер енді президентпен кездесу сұрайды