БРЮССЕЛЬ: Кеше Украина премьері Виктор Янукович өзі бастаған үкіметтің Еуропа Одағымен арада еркін сауда аймағын құруға қажетті реформаларды табанды түрде жүзеге асыратынын тағы да шегелеп айтты. Брюссельге өткен аптада келіп кеткен В.Янукович Еуропа Комиссиясының президенті Хосе Мануэль Баррозумен кездесу үшін осы қалаға кеше қайта оралды. Өз кезегінде Баррозу Еуроодақ елдерінің Украинаға арнаған ұсынысын, яғни – Киевті мүшелікке қабылдамай, онымен әлдеқайда жақын қатынас орнату ұсынысын қайталап айтты. Сондай-ақ кеше В.Янукович Украинаның Ресеймен кедендік одақ құрмайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?