Accessibility links

Я.Х.Схеффер (НАТО): “Грузин-абхаз және грузин-осетин жанжалдарын бейбіт жолмен шешу маңызды...”


НЬЮ-ЙОРК: НАТО одағы Грузиямен жақындасу жөніндегі келіссөзді белсенді жүргізу туралы шешімге келді. НАТО-ға мүше елдердің Нью-Йорктегі бас қосуында қабылдаған бұл шешім Грузияны әскери одаққа қабылдау жолындағы жаңа қадам есебінде қарастырылып отыр. НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффердің қадап айтқанындай, Грузиямен арадағы келіссөзді белсенді түрде жүргізу Тбилисидің өзіне де белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Оның ішінде Схеффер грузин-абхаз және грузин-осетин жанжалдарының бейбіт жолмен шешілуінің маңыздылығын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG