КАБУЛ: Келесі жылдың қарсаңында АҚШ Ауғанстандағы әскерін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Кеше Ауғанстандағы АҚШ әскерінің бас қолбасшысы Карл Эйкенберри осылай деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, қазіргі 21 мыңдай жауынгерден тұратын әскердің құрамы алдағы ақпан айында қайта қаралады. Онымен қарама-қатар НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер тәліптерге тойтарыс беру үшін осы аптада 2 мың жауынгермен толықтырылған одақ әскерінің қатарын тағы да нығайту қажет деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес