Accessibility links

Джордж Буш Пәкістанды бомбылау ойымыз болмаған деді


АҚШ президенті Джордж Буш Америка Құрама Штаттары осыдан бес жыл бұрын Пәкістанға бомба тастаймыз деп қорқытыпты дегенді "газеттен бүгін оқыдым", бұл шындыққа сай емес, мұндай қате сөз мен үшін мүлдем күтпеген жағдай болды деді. АҚШ өкілі қорқыту айтты деген сөз Пәкістан президенті Перуез Мұшаррафтың сұхбатында айтылған. Онда Пәкістан 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылдарынан соң терроризмге қарсы соғысқа атсалыспаса - АҚШ жоғары өкілі бомба тастаймыз деп қорқытқан делінеді. Президент Буш кеше Вашингтонда президент Мұшаррафпен баспасөз-мәслихат өткізді. Президент Мұшарраф Буштың бұл оқиға туралы білмегеніне сенемін деді.
XS
SM
MD
LG