Accessibility links

АҚШ ғалымы Солтүстік Корея көбірек плутоний жасамақ деді


АҚШ ғалымы Селиг Харрисон Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын одан ары дамытып, жақын арада көбірек плутоний жасауға кіріспек деді. АҚШ ғалымы бұл сөзін Қытай астанасында айтып, Солтүстік Корея ресми өкіліне сілтеме жасады. Солтүстік Корея өкілі Америка Құрама Штаттарына осылайша қысым жасап отырмыз, мақсатымыз АҚШ-ты Солтүстік Кореямен екіжақ келіссөз өткізуге мәжбүрлеу деп айтты делінеді. Солтүстік Корея ядролық мәселесіне арналған алтыжақ келіссөзден былтыр шығып кеткен. Солтүстік Корея, Қытай, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және АҚШ жүргізген алтыжақ келіссөз тоқтап қалды. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Солтүстік Кореяны араңдату қимылдарын тоқтатуға шақырды, келіссөзге оралуға шақырды.
XS
SM
MD
LG