Accessibility links

Ватикан ислам елдерімен жақындасып, діниаралық диалог орнатуды көздейді


РИМ: Бүгін Рим Папасы 16-ншы Бенедикт мұсылман елдерінің дипломаттарымен және ислам ұйымдарының лидерлерімен кездесуге тиіс. Иран, Ирақ, Түркия және Араб елдері Лигасының 20-ға жуық өкілдерімен понтифик өзінің Рим түбіндегі Кастел Годолфо кеңсесінде бас қоспақшы. Ватиканның хабарлауынша, бұл кездесудің мақсаты діниаралық диалогты дамыту болмақ және ол ислам әлемімен қайта жақындастыруға тиіс. Осы айдың басында Рим Папасы орта ғасырдағы бір христиан императорының ислам мен Мұхаммет пайғамбарға тіл тигізетін сөзін қайталаймын деп бүкіл мұсылман дүниесінің ащы наразылығын туғызған болатын.
XS
SM
MD
LG