Accessibility links

Осыдан 65 жыл бұрын Бабий Ярда 2 күннің ішінде 33 мың еврей қырылды


КИЕВ: Бүгін Киевте “Бабий Яр трагедиясының” 65-жылдығына арналған аза тұту шарасы өтеді. 1941-інші жылдың 26-27-нші қыркүйегін қамтыған 2 күннің ішінде неміс нацистері Киевтің түбіндегі Бабий Ярда 33 мың еврейді қырып салды. Соғыс жылдары неміс басқыншылары осы жерде бас-аяғы 100 мыңнан астам халықты қырды. Бүгін Киевте Бабий Яр құрбандарын еске алуға арналған халықаралық форум ашылып, оған 55 елден келген 800 қонақ, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, Еуроодақ пен БҰҰ-ының және халықаралық еврей ұйымдарының өкілдері, трагедияның куәгерлері мен құрбандардың туыстары қатысады.
XS
SM
MD
LG