БАҒДАД: Ирақтың экс-диктаторы С.Хусеиннің қылмыстық ісін қарайтын Бағдадтағы сот мәжілісі оның адвокаттарынсыз бүгін қайта жалғасты. Саддамның адвокаттары сотқа процесіне байкот жариялап отыр. Экс-диктатор судьяның өзіне жаңа адвокат тағайындауына қарсы. Соттың алдыңғы төрағасын ауыстыруға наразылық білдіргені үшін Саддам соңғы екі отырыстан қуылған болатын. С.Хусеин мен оның бұрынғы 6 сыбайланысына 1988-інші жылы күрдтерді жаппай қырды деген айып тағылып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі