Accessibility links

Түрмеге жабылған өзбек журналисінің тілі күрмеліп, денсаулығы нашарлаған


ТАШКЕНТ: Түрмеге жабылған өзбек журналисі Ұлығбек Хайдаровтың туыстары оның денсаулығына алаңдап отырғандарын мәлімдейді. Бүгін “Азаттық” Радиосының Өзбек редакциясына берген сұхбатында Ұлығбектің қарындасы Нортоджидің хабарлағанындай, жақындары ол отырған Жизақ түрмесіне барғанында оның тілі күрмеліп, мінез-құлқының өзгеріп кеткенін байқаған. Ұ.Хайдаров – “жемқорлықпен шұғылданды” деген айыппен 14-інші қыркүйек күні тұтқындалды. Оның жақындары ондай айыпты құпия полиция ойдан шығарып отыр деп санайды.
XS
SM
MD
LG