БІШКЕК: Қырғызстанның адам құқын қорғайтын ұйымы елдің түрмелерінде бүлік шығуы мүмкін деп ескертеді. Бішкекте орналасқан “Азаматтар – жемқорлыққа қарсы!” атты үкіметтік емес ұйымның бүгін мәлімдегеніндей, Қырғызстанның еңбекпен тәрбиелеу мекемелерінің әкімшілігі, қаржы тапшылығы салдарынан, жазасын өтеп жатқандарға дұрыс азық-түлік бермей, жеткілікті дәрігерлік қызмет көрсете алмай отыр. Үкіметтік емес ұйым соңғы бірнеше айда түрмеде отырғандардың арасындағы түбіркүлезге шалдыққандардың 35 пайызға артқаны туралы ресми статистиканы келтіреді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"