Мұндай шешім сейсенбі күні Страсбургтегі Европа парламентіне ұсынылған қорытынды хабарламаға енгізілді. Дегенмен де хабарламада аталған елдерде экономикалық рефромалар бағытында көптеген шаралар жасалып, көмек берілу қажеттігі атап көрсетілген. Румыния мен Болгария жетекшілері бұл ұсыныстарды құптап қарсы алды. Бухаресте Румыния президенті Базеску Европа одағына қабылдану Румыния үшін реформа жолындағы ұзақ процестің басы деп атап көрсеткен.
- Бізге келсек, Европа одағына кіру біз үшін жолдың соңы емес, бұл бізге реформаларды қажетті бағытта жүргізіп, Румынияны табысты елге жеткізуге деген қор болып табылады. Егер біз бәрін жасап болдық деп, қарап отырсақ болмайды, - деген румын президенті.
Болгарияның сыртқы істер министрі де бұл жайтты дамудағы зор табыс деп атап өтті.