Жапонияның Шинзо Абе бастаған жаңа үкіметі Ресей президенті Владимир Путинге бітім хатын жолдады, 60 жылдан асқан жер дауын шешуге шақырды. 1945 жылы Жапония жеңілгенде Совет әскері Жапонияның төрт аралын басып алған. Екі ел арасында Екінші Дүниежүзілік соғысқа соңғы нүкте қоятын бейбіт келісім әлі күнге шейін жасалмады.