Accessibility links

Босния-сербтерінің саясаткері Момкило Крайшник соғыс қылмыстары үшін 27 жылға сотталды


БҰҰ-ң Гаагадағы соғыс қылмыстары соты Момкило Крайшникті соғыс қылмыстары үшін 27 жылға бас бостандығынан айырды. Момкило Крайшник Босния сербтерінің әскери жетекшісі Радован Караджичтің жақын одақтасы болған. Ол 1992-95 жылдардағы Босния соғысында кісі өлтіргені, бейбіт азаматтарды қудалағаны үшін айыпты деп табылған болатын. Дегенмен де Крайшник геноцид айыбынан ақталды, әйтпегенде оған өмірлік түрме жазасы кесілер еді.
XS
SM
MD
LG