Accessibility links

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығы сот шешімдеріне наразы болған азаматтарының шағымдарын кезекті рет қарастырмады


Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге құқығымыз тапталды деп азаматтардан түскен өтініштердің үштен бір бөлігі кейін қайтарылды. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 29 күні Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный хабарлады. Себебі омбудсменнің сот отырыстарына қатысуға және сот шешімдеріне наразылық білдіруге құқы жоқ, дейді ол. Ал, кейбір заңгерлер өзге мемлекеттерде омбудсменнің құзыреті кең деген пікірін білдірді.

Ресми мәлімет бойынша 1 шілдемен 29 қыркүйек аралығында омбудсменге 412 шағым түсті. Олардың тек 28 жағдайында оң шешім шығарылды. Азаматтар көбінесе сот шешімдеріне келіспейміз, дейді. Мұндай шағымдар барлық өтініштердің 33 пайызын құрайды. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамовтың пікірінше, шағым көбеюінің себебі бар:

- Сот жұмысына байланысты өтініштердің көбеюі, біздің азаматтардың өз құқықтарын қорғауға байланысты мәселені көтеретін қазір мүмкіншілігі болғанынан шығар.

Ал, Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжныйдың айтуынша бұл шағымдар кері қайтарылады, өйткені сот отырыстарына қатыса алмаймыз, дейді ол. Әзірге соттарға түскен шағымдардың саны жазылып президентке ақпарат ретінде ғана беріледі дейді ол. Калюжныйдың айтуынша омбудсменді сотқа кіргізу үшін қылмыстық және азаматтық кодекстерге өзгеріс енгізу жоспарланған. Бірақ заң жобасы барлық сатылардан өтіп президент Назарбаевқа жеткенде ол қол қоймас бұрын оны конституциялық кеңеске жіберген, ал кеңес формальді болсада жобадан қайшылық тапты, дейді ол.

Калюжныйдың айтуынша бұл заң жобасы президенттің заң күші жоқ қаулысы негізінде жасалған, сондықтан конституциялық кеңес заң жобасы конституцияға қайшы келеді деп тапты дейді ол.

Ал, Астанадағы заң академиясындағы заңмен қамтамасыз ету орталығының директоры Сұлтан Әлімжановтың айтуынша заңға өзгеріс енгізбейіенше омбудсменннің құзыреті кеңеймейді:

- Әрине сотқада қатыса алмайды өтініште бере алмайды. Ол омбудсменнің қазіргі қызметінің дәрежесі өте төмен заң кемшіліктеріне байланысты. Егер омбудсменнің құқықтық жағдайы белгіленбесе онда әрине заңмен оның құқықтарын мәіндеттерін белгілеу мүмкін емес.

Әлімжановтың айтуынша дамыған елдердегі жағдай өзгеше:

- Соттарға да шағым жасай алады қылмыстық үдерістергеде қатыса алады, егер азамат шағым жасаса омбудсменге онда ол шағымды қабылдап тағы жазуға құқытары бар басқа мемлекеттерде. Ал бізде жоқ. Конституциялық кеңесті де түсінуге болады конституцияда сотқа қатысатын адамдардың тізімі бар онда омбудсмен жоқ.

Ал, Қазақстан парламенті сенатының депутаты заңгер Ермек Жұмабаевтың айтуынша омбудсменнің құзыреті көптеген елдерде ұқсас:

- Ешбір мемлекетте омбудсмен барлық мәселелерді өзі қарап шықпайды. Соттың болсын өзі шешпейді. Содан кейін түскен арыздарды тиісті органдарға жіберіп отырады.

Кейбір заңгерлердің пікірінше осы жағдайды ретке келтіру үшін халықаралық пактілердегі талаптардың барлығын бұлжытпай орындау керек. Қазақстан парламенті сенатының депутаты Бексұлтан Тұтқышевтың айтуынша адам құқығы жөніндегі халықаралық құжаттардың мүмкіншілігі мол:

- Біздің адамдар жоғарғы сотқа дейін барып оған қанағаттанбаса, онда ол Еуропа сотына шағымдануына мүмкіншілік алады.

Ал, адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный хабарлағандай омбудсмен бұзушылықтары болсада кейбір жоғары лауазымды шенеуніктерге тиіспейді. Олардың қатарында үкімет, орталық сайлау комиссиясы, конституциялық кеңес өкілдері, парламент депутаттары және сот бар, дейді ол.
XS
SM
MD
LG