НАТО, АҚШ мемлекеттік департаменті, сондай-ақ, Словенияда бас қосқан қорғаныс министрлері, Ресей мен Грузияны, Тбилисиде тұтқындалған 4 орыс офицерін шпиондық әрекетте айыпталғандығына байланысты, мәселе шешілгенше сабырлылық, ұстамдылыққа шақырды. АҚШ мемлекеттік департаментінен өкіл МкКормак Ресей мен Грузияны өзара дипломатиялық мәмілеге келуге шақырды. Бұл арада екі-ел арасындағы теке-тірестік жанжал ушығып бара жатқандай. Ресей кеше екі ұшақпен жүздеген азаматын Тбилисиден алып кетті. Ал Грузия ішкі істер министрі Мерабишвили Ресей әскерлерінің өзге аймаққа ауыстырылуын айыптап, Мәскеудің қорқыту әрекетін тоқтатуға шақырып былай деді:
- Бірнеше күннен кейін Ресей Қара теңізде кең көлемді әскери жаттығулар өткізбекші. Сондай-ақ, Солтүстік Оссетиядағы 58-ші армиясын Грузия шекарасына қарай көшірмекші, Ахалкалакидегі әскери базасын өзге жерге қозғатпақ.
Бұл арада жұма күні Тбилиси соты шпиондықта айыпталып тұтқындалған 4 орыс офицерінің екеуін және олармен сыбайлас болған он грузин азаматын екі айға абақтыда ұстайтын болды.