Бүгін Арменияда ресми сапармен жүрген Франция президенті Жак Ширак, армяндардың 1915-1917 жылдардағы Түріктердің Осман империясы кезіндегі қырғынының құрбандарын еске алу шарасына қатысты. Ажанси Франц Пресс агенттігінің хабарына қарағанда, онда Франция президенті Түркия Еуропа Одағына қосылар алдында армяндар қырғынын геноцид ретінде мойындауы керек деген. Жак Ширак Арменияға үш күндік сапарымен кеше келген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV