БРАЗИЛИА: Бразилия президенті Луис Игнасиу Лула да Сильва екінші мерзімге қайта сайлануға жақын тұр. Дауыс беріп шыққан сайлаушылардың арасында өткізілген сауалнамаға қарағанда, да Сильва кеше болып өткен сайлауда шамамен 50 пайыз дауыс алған сияқты. Оның басты бақталасы – Сан-Паулу штатының бұрынғы әкімі Жералду Алкмина – 38 пайызға жуық дауыс жинаған. Бірінші турда-ақ президент болып сайлануы үшін да Сильваның 50 пайыздан көп дауыс жинай алған-алмағаны әзірше белгісіз.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр